Бүгін Түлкібас ауданына қарасты барлық елді мекендерде «Бүкіл әлемдік тазалық күні» аясында жаппай сенбілік ұйымдастырылып, оған екі мыңнан астам аудан әкімі аппаратының қызметкерлері бастаған дербес бөлімдер мен ауылдық округ, кент әкімдіктерінің қызметкерлері және ақылы қоғамдық негіздегі жұмысшылары қатысты.
Сондай-ақ, білім беру ұйымдары мен балабақшалар, басқа да аудан аумағындағы мекеме қызметкерлері аталмыш акциядан қалыс қалмай, өз мекемелерінің аулалары мен алдына сенбілік ұйымдастырды.
Бұл жерде әкімдік қызметкерлерінің ат салысуымен әр елді мекеннің орталық көшесі мен қатар ішкі күре жолдар бойындағы күл-қоқыс жиналып, ретсіз өсіп кеткен шөптер орылып, арық-науалар тазартылды.
Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі