• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Профилактика нәтижесінде интернет алаяқтық азайған

Автор:admin

Авг 15, 2024
Spread the love

Кентау қаласында 2023 жылдың 7 айында интернет алаяқтыққа қатысты 27 дерек тіркелген болса, ағымдағы жылы азайып отыр. Яғни биыл 9 қылмыс тіркеліп, ашылымы 64,2%-ды құрады. Мұның барлығы полиция қызметкерлерімен жүйелі жүргізілген профилактикалық іс-шараларының арқасы деп білеміз.
Бүгінгі таңда өмірімізді телефон мен ғаламторсыз елестету қиын. Осындай жағдайда интернет алаяқтарынан зардап шеккен азаматтар полицияға жиі жүгінеді. Сондықтан интернет ресурстар арқылы алаяқтықтың алдын алу және оны болдырмау мақсатында Кентау қаласының полицейлері профилактикалық шараларды күшейтуде.
Тәртіп сақшылары тәуліктің 24 сағатында әрбір сала мамандарына, тұрғындарға және көлік жүргізушілеріне алаяқтан сақтанудың тәсілдері жазылған арнайы жаднамаларды таратуда, деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика