• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Полиция жануарларды жаю қағидаларын бұзған 3,3 мыңнан астам тұрғынға шара көрді

Автор:admin

Авг 17, 2024
Spread the love

Полиция департаменті қызметкерлерінің бастамасымен мал ұрлығы қылмысының алдын алу бағытында жергілікті атқарушы органдар, ветеринариялық бақылау мен қадағалау, мемлекеттік емес органдар өкілдерімен бірлесіп, жұмыс топтары құрылды. Бұл топпен іс-қимыл жоспары бекітіліп, оны іске асыру шаралары атқарылуда.
Нәтижесінде ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзған 3 346 тұрғын анықталып, оларға шара көрілді. Одан бөлек, мал ұрлығы қылмыстарының алдын алу мақсатында, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу бабымен 580 тұрғынға қатысты құжаттар толтырылып, ветеринария бөлімімен шара қолданылды.
Қала, аудандардың жергілікті полиция қызметтерімен жайылымды жерлерде қараусыз жүрген үй жануарларын азайту мақсатында, «жергілікті атқарушы органдары – халық – бақташылар» арасында үш жақты келісім шарт жобасы бойынша 4 529 келісім шарт жасалған. Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері мал жаю қағидаларын сақтап, қараусыз жібермеуді ескертіп, бақташы жалдауға кеңес береді, деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика