Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция қызметкерлер мен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» маманымен бірлесіп, отбасылық тұрмыстық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті күшейтетін өзгертулер енгізілгені жөнінде ауыл тұрғындарымен кездесу өткізіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Шара барысында сала мамандары отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша ақпарат көрсетілген жаднамаларды таратып, осы бағыттағы сұрақтармен жүгінген әйелдерге құқықтық кеңес берді, деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.