• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ПОЛИЦИЯ ТҰРҒЫНДАРҒА ЖАДНАМАЛАР ТАРАТТЫ

Автор:admin

Авг 17, 2024
Spread the love

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауларында алаяқтыққа, соның ішінде қаржы пирамидалары мен интернет алаяқтығына қатысты құқық қорғау органдарына кешенді әрі нақты шараларды әзірлеуді тапсырған. Құқық қорғаушылардың берген ақпаратына сәйкес, оқиғалардың басым бөлігінде тек зейнеткерлер ғана емес, орта жастағы азаматтар да алаяқтардың құрбаны болып жатады.
Осы жайттардың алдын алу үшін Келес аудандық аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-профилактикалық іс-шараларды жандандырып, сақтық шараларын да мықтап қолға алған. Әлеуметтік желілерде әрбір азаматқа интернет алаяқтарынан сақтану жолдарын түсіндіріп, арнайы тақтайшаларда жазбаша және бейнематериал арқылы ауызша түрде олардың жоспарларын әшкерелейтін нұсқаулықтар мен ескертпелерді кеңінен таратуда.
Тәртіп сақшылар халық көп шоғырланған жерлерде, көшелерде, сауда орталықтары мен автобекеттерде болып алаяққа алданбау мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Тұрғындарға арнайы дайындалған жарнамалық парақшалар таратып, қандай жағдайда да алаяқтардан сақ болу керектігі туралы ескертті, деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика