Түлкібас аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйел адамның айтуынша, күндізгі уақытта үйінің сыртқы ауласында жайылып жүрген 8 жасар биесі жоғалып кеткен. Жәбірленушіге келген шығын көлемі жарты миллион теңге.
Хабарламаны алған сәтте оқиға орнына учаскелік полиция инспекторлары шықты. Тәртіп сақшылары бірден іздеуге кірісіп, жақын маңдағы барлық аумақтар мен жайылымдарды қарап шықты.
Жүйелі жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде полицейлер 90 шақырым қашықтықтан яғни Жамбыл облысы, Жуалы ауданы маңындағы тау бөктерінен жалғыз жайылып жүрген биені тапты.
Сондай-ақ бие заңды иесіне қайтарылды. Өз кезегінде тұрғын полицейлерге жоғалған биесін аз уақыттың ішінде тауып бергені үшін алғысын білдірді, деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.