• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Полиция тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету мақсатында рейдтік шараларды күшейтті

Автор:admin

Авг 22, 2024
Spread the love

Полиция департаменті басшылығының тапсырмасымен Сайрам ауданында тексеру жұмыстары күшейтілді. Яғни аудандағы пробациялық есепте тұратындар, қаруы бар тұрғындар, аймақта жүрген шетелдіктердің өздеріне белгіленген талаптарды сақтауы бақылауға алынды.
Нәтижесінде полиция 17 қару иесінің мекенжайына барып, қарудың сақталуы, рұқсат етілген мерзімдерін тексеріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар пробация қызметінің есебінде тұратын тұлғалардың мекенжайлары бойынша тексеру жүргізіліп, 28 тұрғынмен профилактикалық түсіндірме шаралары атқарылды.
Көші-қон қызметі бойынша Сайрам ауданына түрлі себептермен келген шетел азаматтары да назардан тыс қалмай, бақылауға алынды. Олардың құжаттары мен Қазақстан Республикасында болу мерзімдері тексеріліп, көрсетілген мекенжайларында ғана тұрақтау ескертілді, деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика