Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде Төлеби ауданының полицейлері құрамында есірткі бар өсімдіктерді егумен айналысқан жергілікті тұрғынды ұстады.
Тінту кезінде полицейлер күдіктінің ауласынан құрамында есірткі заты бар «сора» өсімдігінің түптерін тауып, тәркіледі. Алынған есірткі затының жалпы салмағы 1 келіден асады.
Кез келген қылмыстың алдын алу, жолын кесу, яғни қылмыстың профилактикасы бүгінгі таңда құқық қорғау органдары қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады.
Мемлекет пен қоғам үшін адамды қылмыс жасағаны үшін жазалағаннан гөрі, сол қылмыстың алдын алу немесе оны болғызбаудың жолын қарастыру немесе қылмыстың жасалыну себебін жою әлдеқайда жеңіл әрі тиімді. Бұл есірткі қылмысына қарсы күресте де аса өзекті мәселе болып отыр.
Нашақорлық – есірткі заттарына паталогиялық құмарлық. Яғни есірткіге тәуелді адам бірте-бірте өзін-өзі сыйлауды жоғалтады: өзінің адамгершішік қасиеттерін жояды, психикасы қалыпты болмайды, достарынан, отбасынан айырылады, мамандық ала алмайды және қоршаған адамдарға, өзіне зиян келтіреді.
Есірткі мен нашақорлыққа қарсы алдын-алу жұмыстарын атқару, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, үгіт насихат жұмыстарын жүргізу, еліміздің болашағы — жастарды нашақорлық індетінен аластату барлық мүдделі органдардың міндеті.
Қазіргі таңда құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.