Сайрам ауданы әкімдігі жанындағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі сервистік тәсілді енгізу жөніндегі ведомствоаралық топ мүшелері және АПБ-ның ЮПТ қызметкерлерінің ұйымдастыруымен аудан көлемінде 17-19 қыркүйек аралығында «Жасөспірім» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, деп хабарлайды Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.
Мақсаты — жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау, түнгі уақытта ата-ананың бақылауынсыз үй-жайынан тыс жерлерде компьютерлік ойынханалар мен мейрамханаларда болуларына тыйым салу, бала тәрбиесіне немқұрайды қарайтын ата-аналарды анықтап, тиісті шаралар қабылдау.
Құрметті ата-ана, балаңыздың өміріне өзіңіз жауапты екеніңізді ұмытпаңыз! Сондықтан әрбір ата-ананың назарына кәмелет жасына жетпеген балаларын қараусыз қалдырмауды, бала тәрбиесімен тұрақты айналысу қажет екендігін ескертеміз!
Жасөспірім арасындағы құқық бұзушылықтар мен кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты қылмыстың алдын алуға және болдырмауға, олардың қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шара аудан көлемінде жалғасатынын хабарлаймыз!