Келес ауданының Бірлесу ауылдық округінде орналасқан №33 “Жуантөбе” жалпы білім беретін мектебінің 2019 жылғы түлегі Саттар Жансая Нұрланқызы қазіргі таңда Италияның Парма қаласында магистратурада грант негізінде білім алуда.
Дарынды шәкірт жақында Harvard университетіне «Қазіргі әлемді басқаратын бірегей идеяларды жасаудың негізгі құндылығын көрсететін «Жаңа көкжиектерді құру: бүгін мен болашақты карталау» болашақ көшбасшы, спикер ретінде қатысып, халықаралық деңгейде сертификат алды.
– Мектеп ұстаздары осындай дарынды түлектерін қашан да мақтан тұтады. Жансаяның тілдерді меңгеруіне ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Букенбаева Шолпан Ешмановнаның еңбегі зор болды. Білім ордамызда оқушылардың жан-жақты дамуы үшін барлық жағдай жасалған, — дейді мектеп директоры Жазира Тиленова.
Айта кетейік, келестік түлек Harvard университетінен бөлек, Сambridge (Кембридж) университетіне көшбасшылықты басқару тақырыбында 5 күндік семинарға қатысып, жақсы көрсетікш көрсеткені үшін сертификатталған болатын. Бүгінде №33 «Жуантөбе» жалпы білім беретін мектебінде қазіргі таңда 900-ден аса оқушы білім алады.
(с) Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі