Аудан әкімі Азат Оралбаев Бадам ауылындағы Индустриялды аймақта болып, іске асырылып жатқан жоба иелерімен жиын өткізді.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының халыққа жасаған жолдауында кәсіпкерлікті жүйелі түрде қолдайтындығын, мемлекет қаржылай қолдау жасаған кезде бәсекеге қабілетті шағын және орта бизнес өкілдеріне баса мән беретіндігін айтып,
жобалардың іске асырылуы ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына, бәсекелестік ортаның қалыптасуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына, жеке инвестиция көлемінің артуына, аудан бюджетінің кіріс көзінің ұлғаюына, өнеркәсіп саласындағы өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемінің артуына үлкен мүмкіндік беретінін айтылған.
Аудан басшысы осы орайда әкімдік тарапынан әкімшілік кедергілерінің орын алуына жол бермеу, рұқсат беру құжаттарының рәсімдеу, шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына мемлекет тарапынан берілетін жеңілдіктер мен қолдау тетіктерін дер кезінде ақпараттандыру және оны пайдалануда жобаларға сүйемелдеу жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету бойынша сала басшыларына тиісті тапсырмалар берді. Кәсіпорындар арасында «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік жұмыстарын тұрақты түрде жүргізу керектігін және ирригациялық жүйелерді қоқыстан тазарту, көгалдандыру, интернет желісіне қосылу бойынша тиісті компаниялармен келісім шартқа тұру жұмыстарын ұйымдастыру, 16 мВт подстанция) ауданның меншігіне қабылдап алу мен басқа да заң аясында жұмыстарды қысқа мерзімде аяқтау сынды тапсырмалар берді.
Жиыннан соң аудан басшысы бірқатар кәсіпорындарды аралап, өзекті мәселелерімен танысты.
Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі