Созақ ауданының полиция қызметкерлері құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында оқушылардың ата-аналарымен кездесу өткізді.
Басқосуда жасөспірімдер арасындағы заң бұзушылықтың, қылмыстың ахуалына мысал келтірілді. Яғни ата-аналардың көпшілігі жұмысбастылық салдарынан балаларына жеткілікті көңіл бөлмейтіндігі айтылды.
Сондай-ақ қылмыс жасағаны үшін жауапкершіліктердің түрлері мен жолда жүру ережелері түсіндірілді.Кездесуге қатысқан оқушылардың ата-аналары өз көкейлеріндегі сауалдарын қойып, оған толыққанды нақты жауаптар алды.
Шара соңында полиция қызметкерлері қатысушыларға алаяқтықтың алдын алу бойынша жаднамалар таратты, деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.