Түркістан облысының Полиция департаментінде 30 тамыз –Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.
Жиын бірінші кезекте қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан полицейлердің аналары мен жұбайларына сый-құрмет көрсетуден басталды. Жұлдызы ерте сөнген полицейлердің туыстарына естелік сыйлықтар мен алғыс хаттарды Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов табыс етті.
Мерекелік іс-шараларда ұмытпай, елеп-ескеріп, құттықтап, шақырту жіберіп тұратын полиция басшылығына қаза тапқан полицей Мұхтар Дәуренбековтың жұбайы Динара Жипсыбаева алғысын жеткізді. Жұмыстарына табыс, қызметтеріне биік абырой тіледі.