• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Түркістан облысында конституциямен құрдас 140-тан астам полицей қызмет етеді

Автор:admin

Авг 29, 2024
Spread the love

Ата заңымыздың құрдастары орда бұзар жасқа жақындады. Бүгінде олардың әрқайсысы түрлі жоғары жетістікке жетіп, еліміздің дамуына үлес қосып жүр. Соның ішінде Түркістан облысы Полиция департаментінде 142 полиция қызметкері сап түзеп келеді.
Аталған жас мамандар мемлекеттік қызметте барынша еңбек етіп, еліміздің даму жолында өз іздерін қалдыруда. Оның арасында жас та болса бас болып, басшылық лауазымдарда жүргендері аз емес.
Мәселен Түркістан облысы ПД Ақпараттандыру және байланыс басқармасының бастығы полиция капитаны Бек Шамил. Ол өз сөзінде:
«Мен Ата заңымыз қабылданған жылы туғанмын, еліміздегі басты құжат-конституцияның төл құрдасымын. Ба­­­қытты балалық шағ­ымды жанұямның ор­­тасында алаңсыз өткіздім. Бұл елдегі тыныштық пен тәуелсіздіктің арқасы деп ойлаймын. Заңы орныққан, бейбіт те тыныш елде түлеген ұрпақ бол­ғандықтан, құлашымды кеңге ашқан, еркінмін. Арманымды іске асыру бағытында ішкі істер саласына қызметке орналасып, бүгінде осы құрылымның қазанында қайнап, шыңдалып жүрмін. Алдыңғы буын ағалардың жолын жалғап, жұмысымдағы жауапкершілікті сезінемін. Осынау мереке қарсаңында баршаңызды құттықтап, елімізге амандық тілеймін!»,-деп атап мереке құрдасы болған полицей.
Айта кетсек, Конституция 1995 жылғы 30 тамызда жалпыхалықтық референдум негізінде қабылданған, деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика