• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Суға батып бара жатқан тұрғынды құтқарған полицейге Қазақстан журналистер одағының «Алтын медалі» тағылды

Автор:admin

Авг 30, 2024
Spread the love

Конституция күні қарсаңында суға батып бара жатқан тұрғынды құтқарып қалған полицейге арнайы марапат берілді. Нақтырақ айтсақ, Қазақстан Журналистер одағы Түркістан облыстық филиалы төрағасының міндетін атқарушы, «Түркістан» газетінің директор-редакторы Мәлік Дәулетов, Патрульдік полиция батальонының инспекторы Дәулет Сағынбаевқа Қазақстан журналистер одағының «Алтын медалін» табыстады.
Облыстық Журналистер одағының төрағасы М.Дәулетов өз сөзінде: «Ағымдағы жылдың сәуір айында Мақтаарал ауданының тұрғыны мал бағып жүріп, құлынының өзенге түсіп кеткенін байқайды. Содан малын құтқарамын деп суға түсіп, соңында өзі шыға алмай қалған. Осы сәтте патрульдеу қызметінде жүрген полицейлер бірден байқап, уақытында іске кірісіп, жағаға аман-есен алып шыққан деген ақпарат шығып, назарымызға ілінді.
Осы оқиғадағы көзсіз ерлікке барып, тұрғынның өмірін арашалап қалған полицей Дәулет Сағынбаевтың әрекетін жоғары бағаладық. Бұл кез келгеннің қолынан келмейтін ерлік деп білеміз. Сондықтан біздің мекеменің жылына 1 рет берілетін марапатын полицей бауырымызға бермекшісіз. Елдің алтындай ұлына «Алтын медаль» лайық!»-деп алғысын білдіріп, төсбелгіні тақты.
«Бейбіт күннің батыры» жобасы аясында үздік деп танылған инспектор Д.Сағынбаев, марапатқа лайық көрген жандарға алғысын білдіріп, барша қазақ елін Конституция күнімен құттықтады, деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика