Салтанатты шара барысында Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары қызметінде ұзақ жылдар бойы абыройлы қызмет атқарған, Қазығұрт аудандық ІІО Ардагерлер ұжымының мүшелері мен жас мамандар атаулы марапаттарға ие болды.
Атап айтқанда, қызметте тәрбие жұмыстарын ұйымдастырып, белсенділік танытқан және полиция бөлімінің жеке құрамының ішінде, өзінің қызметтік міндеттерін адал атқарып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген полицейлер Қазығұрт аудандық полиция бөлімі бастығының алғыс хатымен мараппаталды.
Мерекелік шараға белсене қатысып, марапатқа ие болған жастар, елге адал қызмет етуге және қоғам қауіпсіздігін мүлтіксіз қадағалауға еңбек ететіндерін жеткізді, деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.