Болашақ отбасын өзінің тірегі деп білетін полицей Нұрсұлтан отбасыны шағын мемлекет деп те айта аламын дейді. Шаңырақ көтеру – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ. Ал осындай баспалдаққа қадам жасау әрбір ер азаматтың қолынан келе бермейтін ерлік.
Түркістан қалалық Полиция басқармасының тергеушісі болып қызмет атқаратын Нұрсұлтан Балтабай өзінің болашақ жарын адаспай тауып, сол бапалдаққа қадам басқалы отырған полиция аға лейтенанты.Қарағанды қаласындағы Б.Бейсенов атындағы академияны 2022 жылы бітірген Нұрсұлтан алғашқы еңбек жолын Түркістан облысы Мақтаарал аудандық полиция бөлімінде криминалист болып бастаған. Қызмет сатысында лейтенант шенін ала отырып, қазіргі таңда Түркістан қалалық Полиция басқармасына тергеуші лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.
Өмірден өз жолын, жүрегінің жартысын тапқан полицей Нұрсұлтанның 2024 жылдың қазан айының 26 күні шаңырақ көтеру тойы болмақ. Болашақ жары өзі секілді ішкі істер саласын таңдаған Ұлжан есімді ару. Ұлжан Умбетова Халықаралық қазақ-түрік униеврситетінің құқықтану мамандығының 4-курс студенті. Ұлжан мен Нұрсұлтанның өмірде де, қызметте де көзқарастары ортақ болғандықтан болашаққа бірге қадам басқалы тұрғанын ұғындық.
ЕКІ ЖАС БАҚЫТТЫ, МАХАББАТТАРЫ МӘҢГІЛІК БОЛСЫН!