• Вт. Ноя 26th, 2024
Популярные метки

Өңірлерде халықты жұмыспен қамту қалай жалғаспақ?!

Автор:admin

Окт 7, 2022
Spread the love

Жыл басында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке біраз тапсырмалар берді. Соның ішінде экономикалық өсімді қалпына келтіру және қазақстандықтардың нақты табысын арттыру – негiзгi әлеуметтiк басымдықтардың бірі екендігін атап өтті. Сондай-ақ, биыл 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аяқталып, Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жобасы қабылданды. Осы орайда, Еңбек министрінің 7 ақпандағы № 46,47 бұйрықтарымен субсидияланатын жұмыс орындарының, яғни қоғамдық жұмыстар, жастар практикасы мен әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру, сондай-ақ, кәсіпкерлік бастамаларды қолдауға бағытталған «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерге оқыту мен қайтарымсыз гранттар беру қағидалары қайта бекітілді.

Жаңа қағида бойынша өзгерістерге тоқталатын болсақ:

Субсидияланатын жұмыс орындар бойынша биылғы жаңалық – жұмыс берушілер субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға өтінімді қа­­жетті мәліметтерді толтыра отырып жұмыспен қамту орталығына Элек­трондық еңбек биржасындағы «жеке кабинет» арқылы электронды түрде береді.

1) Қоғамдық жұмыстардың жалақы­сы 42500-ден 61260 теңгеге дейін артты, қатысу мерзімі 12 айға дейін, тіркеуде тұрған барлық жұмыссыздар қатыса ­алады.

Қоғамдық жұмыстар барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйым­дарда ұйымдастырылады, бұл ретте салық және басқа да әлеуметтік аударымдарды жүйелі жүргізетін, жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ және бір жылдан астам қызмет ететін жұмыс берушілер қатысаалады. Облыс орталығындағы жұмыс берушілер қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға екі жылда бір рет қатысады. Қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың саны жұмыскерлердің тізімдік санының 40%-нен аспайды (мысалы, 1 мекемеде 10 адам жұмыс істесе, қоғамдық жұмысқа 4 адамға дейін ала алады). Мүгедектігі бар және жазасын өтеу орындарынан келген азаматтарға шектеу қойылмаған.

2) Жастар практикасына қаты­су­шы­­лардың жалақысы 76575-тен 91890 теңгеге дейін, қатысу мерзімі 6-дан 12 айға дейін ұлғайды. Бұл шараға 29 жасқа толмаған, соңғы 3 жылда жоғары және арнаулы орта оқу орындарын бітірген және еңбек өтілі жоқ түлектер қатыса алады.

Жастар практикасы барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйым­дарда ұйымдастырылады, бұл ретте салық және басқа да әлеуметтік аударымдарды жүйелі жүргізетін, жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ және бір жылдан астам қызмет ететін жұмыс берушілер қатысуға жіберіледі.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика