• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

АЭС МӘСЕЛЕСІ — ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ

Автор:admin

Сен 17, 2024
Spread the love

Экономика көтеріледі, себебі, энергия болады. Зауыттар салынады, өнеркәсіп көбейеді. Энергияның бағасы азаяды. Жұмыссыздық азаяды, мамандар тартылады.Осының бәрі АЭС салынғанда болады екен. Бұның бәрі АЭС төңірегінде айтылып жатқан мәселе.
Сондықтан АЭС салу дұрыс шығар деп ойлаймын.
Негізі осы тақырып көтерілгелі төмендегідей ақпаратқа қанық болдым:
АЭС үлкен көлемде электр энергиясын өндіре алады, әсіресе халық саны көп аймақтар үшін маңызды. Сондай-ақ, атом электр станциялары парниктік газдарды аз шығарады, бұл климаттың өзгеруіне қарсы күресте маңызды рөл атқарады. Тұрақты түрде энергия өндіре алады, бұл жел немесе күн энергиясымен салыстырғанда маңызды артықшылық.
Жалпы, АЭС салынса энергетикалық тәуелсіздік, экономикалық тиімділік, технологиялық даму болады екен.
Менің айтарым, АЭС құрылысына қатысты шешім қабылдау барысында экологиялық, экономикалық және қауіпсіздік аспектілерін мұқият қарастырып, халықтың пікірін ескеру қажет. Бұл ұзақ мерзімді пайда мен ықтимал тәуекелдерді теңестіру үшін маңызды деп ойлаймын. Ал референдум осы тұрғыдан алған бұл мәселеге нүкте қоятын болады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика