• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ӘКЕ ЖОЛЫН ЖАЛҒАҒАН АЯУЖАН

Автор:admin

Сен 5, 2024
Spread the love

Отбасы – адам баласының өсіп-өнер, қаз тұрып, қанат қағар ошақ қасы, алтын бесігі ғана емес, ол – шағын мемлекет. «Әке көрген оқ жанар, ана көрген тон пішер» демекші, Ішкі Істер саласында әке жолын жалғаған — Аяужан Маратқызы Алихан, қазіргі таңда Сайрам аудандық Полиция басқармасында Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы лауазымында қызмет атқарып келеді.
Аяужанның әкесі Марат Алиханұлы Оразбаев та қызметіне адалдығын танытып, саналы ғұмырын Ішкі Істер саласына арнап, Түркістан облысы Полиция Департаментінде 25 жылдан астам қызмет етіп, «подполковник» шенімен құрметті еңбек демалысына шыққан азамат.
«Бала күннен форма киген әкемді көріп, оның жолын қуып, полиция қызметкері болуды армандадым. Қазіргі таңда сол бала күнгі арманым орындалды.
Осындай жауапты да қиын қызметке келуіме әкем мен өзімнің қайсар мінезім себепкер болды. Жұмыстың оңайы жоқ. Жақсы көріп, қалаған мамандығым болғандықтан ыстығына күйіп, суығына тоңып аянбай еңбек етудемін. Себебі бұл сала табандылықты талап етеді» дейді, — Аяужан Маратқызы. Асқар тау әкенің әрбір сөзін жүрегінен өткізген ол бүгінгі таңда әкесінің атына кір келтірмеуге тырысып, өз ісіне, әрекетіне, қызметіне, халық алдындағы борышына үлкен жауапкершілікпен қарап келеді.
Жас маманның алға қойған мақсаты айқын, болашаққа басқан қадамы нық, сенімі мол. Ол ел тыныштығын қорғап, халыққа қамқоршы болу үшін ерінбей еңбек етуді басты міндетім деп санайды, деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика