• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

«ОТБАСЫН ЖОСПАРЛАУ» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖАСТАР АРАСЫНДА ЖИЫН ӨТТІ

Автор:admin

Сен 5, 2024
Spread the love

Отбасы күні мерекесіне орай «Отбасын жоспарлау» тақырыбында Төлеби аудандық полиция бөлімі мен аудандық Жастар ресуртық орталығы бірлесе отырып, жастармен кездесу өткізді, деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.
Аталған шараға Аудандық аналар кеңесінің төрайымы Айдаркүл Рахишова, полиция капитаны Ақмарал Боташева, Әйел қыздар секторының жетекшісі Жазира ханым, Ленгір қалалық емханасының әлеуметтік қызметкері Аязова Салтанат және Ленгір қаласы № 8 кәсіптік колледж студенттері қатысты.
Шараға қатысқан мамандар жастарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қазіргі таңда белең алып отырған мәселелерге тоқталды. Бұл жиыннан жастар ажырасудың алдын алу және отбасын нығайту, отбасы құндылықтарын сақтау туралы қызықты ақпараттар алып, көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап таба білді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика