• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ПОЛИЦЕЙЛЕР ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ЖАЙЛЫ ПІКІРЛЕРІМЕН БӨЛІСТІ

Автор:admin

Сен 6, 2024
Spread the love

Арыс аудандық полиция бөлімі жеке құрам қызметкерлерінің қатысуымен «Отбасы-отан тірегі» тақырыбында танымдық кездесу өтті. Жиынға Арыс қаласы Әбу Ханифа Мешітінің имамы Рысмахан Жарылқасымов арнайы қатысты.
Шараның мақсаты-отбасы құндылығын насихаттау, жанұяда мейірімді қарым-қатынас орнату. Кездесуде имам Рысмахан ағамыз “Отбасының тыныштығы, екі жастың түсінісуі” бойынша орамды ойларын, толғамды пікірлерін айтты. «Отан отбасынан басталады» деген нақыл сөздің мағынасына тереңінен тоқталып, адам баласы үшін отаннан кейінгі қасиетті ұғым – отбасы екенін жеткізді.
Қоғам қауіпсіздігі жолында қызмет етіп жүрген барлық полицейлер мен олардың жанұяларына зор денсаулық, табысты еңбек тіледі.
Кездесуде көрсетілген бейнероликтер қатысушыларға ой салып, соңы тәртіп сақшыларымен еркін форматтағы пікір алмасуға ұласты, деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика