“Отбасы күні” мерекесіне орай Түлкібас аудандық полиция бөлімі мен “Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу орталығының” мамандары және “Ақсақалдар кеңесі” мен “Аналар ұйымының” мүшелерімен бірлесе отырып, дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараның басты мақсаты, неке және отбасы институтын нығайту, отбасының тұрмыстық қатынастарға оң әсер ететін бағыты мен тұрмыстық зорлық- зомбылықтың алдын алу және азаматтардың полицияға деген сенімін арттыру.
Шарада отбасы құндылықтар жайлы ой пікірлер ортаға салынып, онда: Қазақ халқы отбасындағы тәрбиені ең бірінші орынға қойғанын және Ата – ана балаларына қандай тәрбие берсе, ертең ол бала өскенде сол тәрбие арқылы өмірдің жаңа баспалдақтарынан өтетіндігі жайлы айтылды, деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.