Бүгін аудан әкімі Мұхит Тұрысбековтің төрағалығымен жиын өтті. Аудан әкімдігі, аудандық прокуратура және аудандық полиция бөлімінің бірлесе ұйымдастыруымен өткен жиынға аудан прокуроры Ержан Қожабеков, удандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Жасұлан Нысанбаев және аулдық округтер мен кент әкімдері, тиісті бөлім басшылары мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты.
Жиында жол көлік оқиғаларының алдын алу мен оған қатысты атқарылу керек шаралар кеңінен талқыланды. Алдымен күн тәртібіндегі мәселе бойынша хабарлама жасаған аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Ерлан Райымқұлов жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталды.
-«Аудан әкімдігі мен ауыл, кент округ әкімдерінің ресми парақшалары мен «Созақ үні» газеті арқылы, жол ережесін қатаң сақтау туралы Үндеу жарияланды. Одан бөлек, күнделікті инфобаннерлер тұрақты жарияланып тұрады. Аптасына жол көлік оқиғасы жайында арнайы видеороликтер жариялау қолға алынды. Қазір барлық ауылдық округтер мен кенттерде жолаушыларға ескерту ретінде ішкі саясат бөлімінің бастамасымен «Жол ержесін сақтаңыз», «Жол қателікті кешірмейді», «Қарсы бағытқа шықпаңыз», «Үйде отбасыңыз күтіп отырғанын ұмытпаңыз» деген тақырыптарда 13 баннер үлкен жолдың бойына ілінді. Тамыз айында аудан әкімдігі, аудан пркуратурасы және аудандық полициямен бірлесіп, жол көлік оқиғасының алдын-алу шарасы бойынша көлік жүргізушілерге жол ержесін сақтау туралы үнпарақтар таратылды»,- деп бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыру мақсатында алдағы күнге нақты жұмыс жоспары түзілгенін атап өтті…