• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ТҮРКІСТАН: ЖЕРГІЛІКТІ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРДЫҢ НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ФОРУМЫНА 1000-НАН АСТАМ АДАМ ҚАТЫСТЫ (-3-)

Автор:admin

Сен 13, 2024
Spread the love

Форумның шымылдығы жастардың синтетикалық есірткіні қолдануы, жалпы оның кез келген адам үшін тигізетін кері әсері, есірткі түрлерін сату, егу, тасымалдау үшін қылмыстық жауаптылық бар екені және тағы басқа түрлі жағдайларды мысал еткен театрландырылған қойылыммен түрілді. Сонымен қатар есірткі қылмысына қарсы атқарылған жұмыстар мен қабылданып жатқан шаралар туралы бейнеролик көрсетілді.
Іс-шарада сөз алған құрметті қонақтар қоғам назарын «ғасыр дерті», яғни есірткіге, нашақорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыруға аударып, форумның маңыздылығын атап өтті.
Нашақорлық-бұл есірткіге деген ауырсынумен сипатталатын жағдай. Бүгінгі таңда мұндай құралдарға 200-ден астам атау кіреді, олардың ішінде апиын, гашиш, кокаин, дезоморфин. Нашақорлыққа тәуелділік психикалық бұзылумен, ал кейбір науқастарда соматикалық көріністермен бірге жүреді.
Нашақорлық – әлемді алаңдатып отырған өзекті мәселенің бірі. Есті алатын есірткі заттарына тәуелділік талай жанның тағдырын талқан еткенін тәжірибеден көріп, біліп жүрміз. Өкініштісі, нашаға әуестенген бір адамның зауалы бүкіл отбасына, жақындарына теріс әсер етеді.
Нашақорлық — наркомания ( грек тілінен narke — мелшию және mania — ессіздік, құтырыну) — есірткі заттарға патологиялық дағдыланудың нәтижесінде пайда болатын созылмалы ауру. Нашақорлықтың салдарынан тек қана ішкі дүние мүшелері зақымданып қоймайды, сонымен қатар: жүрек, жүрек тамырлары, жүйке, асқорыту, эндокриндік жүйелер де зақымдалады. Нашақорлық жұқпасы ауру іспетті, бірақ онымен көбінесе өз еркімен ауырады. Нашақор адам 1 жылда кем дегенде 5 адамды осы әрекетке тартып, ауруын жұқтырады…

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика