Сарыағаш ауданы әкімі Арман Абдуллаевтың қоғамдық тәртіпті сақтау және тазалық мәдениетін қалыптастыруға қатысты тапсырмасына сәйкес полиция және әкімдік қызметкерлерінен құрылған патрульдік топ ауылдық округ аумағында арнайы рейд жүргізілуде.
Қазіргі таңда жұмысшы топ өкілдері елді мекендерді аралап, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Заң талаптарын бұзған тұрғындарға әкімшілік айыппұлдар салынуда.
Нәтижесінде, ауылдыш округ аумағында қоқыстарды бей-берекет тастап, құқық бұзған бір қатар азаматтарға ҚР ӘҚБТК-нің 434-2-бабына сәйкес 17 азаматқа, 505- 1-бабына сәйкес 15 азаматқа айыппұлдар салынды. Атап айтқанда, Ақжар және Құркелес ауылдық округ аумақтарында.
Аудан тұрғындары мен қонақтарын қоғамдық орындарда және көшеде тазалықты сақтауға, абаттандыру ережелерін бұзбауға, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауға шақырамыз, деп хабарлайды Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.