• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

САРЫАҒАШ: «БОРЫШКЕР» ЖЕДЕЛ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

Автор:admin

Авг 5, 2024
Spread the love

Сарыағаш қаласы аумағында аудан әкімі Арман Абдуллаевтың тапсырмасына сәйкес берешектерді өндіру мақсатында С.Ысмайлова көшесі бойында әкімдік қызметкерлері, аудандық полиция бөлімі және аудандық жеке сот орындаушылармен бірлесе рейдтік іс-шара өтті.
Сарыағаш қаласы бойынша 1645 тұлғаның 51 млн 737 теңге көлік салығынан төленбеген берешектері бар. Көлік салығын төлеуден жалтарып жүрген 2 борышкер анықталып 1 борышкерге ескерту беріліп, 2-ші борышкер берешегін іс-шара барысында төледі.
Көлік салығы бойынша борышкерлер санын қысқарту мақсатында Сарыағаш ауданына қарасты ауылдық округ аумақтарында рейдтік іс-шаралар өткізу жоспарлануда.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 35- бабына сәйкес салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді уақытылы төлеу, салық заңдылықтарын сақтау – мемлекетіміздің алдындағы ортақ борышымыз, деп хабарлайды Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика