Ауданымызға қарасты Құтарыс ауылдық округінің учаскелік полиция қызметкерлерінің және ауылдық округ әкімі аппаратының ұйымдастыруымен, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықты болдырмау және алдын алу, жол қозғалыс ережелерін сақтау бағытында түнгі рейд жұмыстары жүргізілді.
Аталмыш шара кәмелетке толмағандардың белгіленген уақыттан кейін заңды өкілінсіз жүруін, қылмыс пен құқық бұзушылыққа жол бермеуін және құқықтарының бұзылмауын қадағалау мақсатында ұйымдастырылды.
Профилактикалық шара барысында жасөспірімдер жиналатын орындар, саябақтар мен сауда-саттық жүргізетін дүкен аумақтары толығымен тексеріліп, құқықтық түсіндірмелер берілді, деп хабарлайды Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.