ҚР ІІМ Е.Саденовтың бұйрығымен полиция подполковнигі Ердаулет Дарханұлы Амантаев Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің басшысы болып тағайындалды.
Жаңа басшыны жеке құрамға Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Құрманбек Сахов таныстырып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі. Сонымен қатар, Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов жаңа басшымен жергілікті жердегі түрлі мәселелер бойынша бірлесе жұмыс жасауға әзір екендігін жеткізді.
Осы уақыт аралығында полиция подполковнигі Е.Амантаев ішкі істер саласында түрлі лауазымдарда абыройлы еңбек етті.
Бұған дейін Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары лауазымында қызмет атқарған, деп хабарлайды Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.