• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫ ЖӨНІНДЕ АРНАЙЫ ЖИЫН ӨТТІ (-2-)

Автор:admin

Авг 20, 2024
Spread the love

Қ.Сатыбалдиев арақсыз ауылдардың отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастарға өз пайдасын тигізіп жатқанын, сондықтан елдімекендерді «арақсыз ауылға» айналдырудың маңыздылығын да жеткізді. Сондай-ақ, жасөспірімдердің арасында орын алатын қылмыстардың алдын алуда аудандық полиция бөлімі мен жергілікті атқарушы органдар, мәслихат депутаттары, жастар орталығы, ардагерлер мен ауыл ақсақалдары, белсенділер бірлесіп, рейдтік іс-шараларды жиі өткізудің пайдасы да орасан екенін айтты.
Сөз соңында баяндамашы «Қауіпсіз аудан» акциясын ұйымдастыруды, акция аясында есірткі, психотроптық заттардың, қару-жарақтар мен оқ-дәрілердің ену арналарын анықтау және жолын кесу, мотоцикл, мопед, скутер мен электросамокаттарды басқаратын жүргізушілермен, оның ішінде кәмелетке толмаған жүргізушілерге белсенді түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізу, ескірген жол белгілерін жаңарту, жапы түрлі бағыттар бойынша рейдтік іс-шараларды күшейту бойынша нақты ұсыныстар берді.
Өткен жылдын маусымында Ұлттық Құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, жастар арасында белең алған басты мәселе нашақорлық жайында айтқан болатын.
“Мен тағы бір нәрсеге баса назар аударғым келеді. Бұл – нашақорлық. Бұл – ұлт саулығына зор қауіп төндіретін кесел. Есірткі жастардың жанын да, тәнін де улап жатыр. Біз есірткіні қолданудың, дайындаудың және таратудың жолын кесіп, тамырына балта шабуға тиіспіз. Әйтпесе, бүкіл еліміздің болашағы бұлыңғыр болады. Бұл мәселе мені қатты алаңдатады. Химиялық есірткілер нарықта кең ауқымда сатылуда. Криминалдық топтар жастарды осындай заңсыз әрекеттерге тартып жатыр.”- деді Қазақстан Республикасының Президенті…

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика