• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫ ЖӨНІНДЕ АРНАЙЫ ЖИЫН ӨТТІ

Автор:admin

Авг 20, 2024
Spread the love

Мақтаарал ауданы әкімі аппаратының үлкен мәжіліс залында құқық бұзушылық профилактикасы жөнінде арнайы мекемеаралық жиын өтті.
Аудан әкімі Бақыт Асановтың төрағалығымен өткен іс-шараға аудан прокуроры Айтболат Досаев, аудандық полиция бөлімінің басшысы Ердәулет Амантаев, аудандық мәслихаттың хатшысы Қадір Сәрсекбаев, барлық қоғамдық ұйымдардың басшылары, кенттер мен ауылдық округтердің әкімдері, учаскелік полициялар және мектеп директорлары қатысты.
Күн тәртібінде құқық бұзушылық профилактикасы, оның ішінде есірткі, психотроптық заттарды сату, алаяқтық және мал ұрлығы қылмыстарының алдын алу бағытында аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Қасымхан Сатыбалдиев баяндама жасады.
Қасымхан Өмешұлы қазіргі таңда ауданда қылмыстардың жалпы саны төмендегенін, дегенмен мұнымен арқаны кеңге жаюға болмайтынын атап өтті. Полиция подполковнигі жастар арасында синтетикалық есірткі өнімдерін тұтыну көбейіп жатқанын, бұған үлкен мән беру керектігін жеткізді.
«Өздеріңізге белгілі, Атакент кентінде орналасқан «Мұрат Фарм» дәріханасында орын алған жағдайды ескеріп өткім келеді. Жастар арасында синтетикалық есірткі заттарымен айналысудың, оны сататындар мен қолданушыларды анықтау үшін бірлескен профилактикалық іс-шаралар өткізіп, тез арада жолын кесуіміз керек!» — деді, Қ.Сатыбалдиев.
Ауданда бұзақылық қылмыстардың саны өскен. Орын алған бұзақылық қылмыстардың 3-еуі атыс қаруы арқылы жасалған. Сол үшін қару-жарақтың, оқ-дәрілердің және де басқа да тыйым салынған заттардың заңсыз айналымы фактілерін анықтау, сатып алу көздерін және аудан аумағына келу арналарын жабу бойынша шұғыл шаралар қабылдау керектігін полиция подполковнигі атап өтті…

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика