• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

НАШАҚОРЛЫҚ ПЕН СИНТЕТИКАЛЫҚ ЕСІРТКІГЕ ЖОЛ ЖОҚ! (-4-)

Автор:admin

Авг 21, 2024
Spread the love

Ал, синтетикалық заттардың әсері марихуана, гашиштен 5 есе жоғары. Нашақор қорқақ, галюцогенді немесе негізсіз қорқыныштарға беріледі. Көңілді отырған адам 5 минуттан соң жылап отыруы мүмкін, үнемі бір затын жоғалтып алғандай іздеп жүреді, 2-3 тәулік ұйықтамайды немесе керісінше өте көп ұйықтауы да мүмкін. Көзіне бір заттар елестеп, қылмысқа да барып жатады. Қысқа уақыттық ләззат алудың артынан ауыр халде кері қайту процесі жүреді. Бүгінгі таңда синтетикалық есірткі заттарының кең тараған түріне – тұз, спайс, скорость және басқалалары жатады. «Химияны» қолданатын адам үнемі сандырақтап, паранойялық күйде болады. Ал, оны тұрақты пайдаланатындардың өмір жасы тым қысқарып, өлімге алып келеді. Осыған байланысты, адамдарға, соның ішінде жас буын өкілдеріне синтетикалық есірткілерден аулақ болуға шақырамыз. Өз денсаулығыңа, өз болашағыңа тек өзің ғана жауапты екендігіңді ұмытпаған жөн.
Қылмыстық кодексте есірткі заттарын қолданып, сақтап, сатып, таратушыларға жаза ауыр. Бірақ солай екен деп есірткіден бас тартып жатқандар көп дей алмаймыз.
Осыған орай, бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде есірткі заттарын тұтынудың ғана емес, есірткі заттарын тасымалдап, сатып, сақтаудың да соңы жауаптылыққа соқтыратынын үнемі түсіндіріп, ескертіп отыру маңызды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика