Мақтаарал аудандық полиция бөлімі және «Жастар ресурстық орталығы» КММ-мен бірге іс- шара өткізілді.
Шараның мақсаты- қазіргі таңда белең алған нашақорлық індетінің тамырына балта шабу, бүгінде бүкіл адамзат баласының өміріне қауіп төндіріп отырған нашақорлық пен есірткі бизнесі, синтетикалық есірткінің зияны және жастар мен жасөспірімдер арасындағы зиянды әдеттерге қарсы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу болып табылады.
Акция барысында ауданымыздың нашақорлықтың зардаптары жайлы арнайы бейнеролик көрсетіліп, ақпараттық брошюралар таратылды. Сонымен қатар тұрғындарға есірткінің зияны жайлы түсіндірілді.
Қазақстанда да, бүкіл әлемде де үлкен алаңдаушылық тудыратын өзекті мәселелердің бірі – нашақорлықтың таралуы. Бұл құбылыс жеке адамның ғана емес, жалпы ұлттың денсаулығына тікелей қауіп төндіреді. Бүгінгі күні нашақорлық мәселесі әрқайсымызға әсер етуі мүмкін. Шиеленістің күшеюі, стресстік жағдайлар, белгісіздік, тұрақсыздық өскелең ұрпақта мінез-құлықтың асоциалды нысандарын — нашақорлықты тудырады.
Еске саларлық, өткен жылдын маусымында Ұлттық Құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, жастар арасында белең алған басты мәселе нашақорлық жайында айтқан болатын.
“Мен тағы бір нәрсеге баса назар аударғым келеді. Бұл – нашақорлық. Бұл – ұлт саулығына зор қауіп төндіретін кесел. Есірткі жастардың жанын да, тәнін де улап жатыр. Біз есірткіні қолданудың, дайындаудың және таратудың жолын кесіп, тамырына балта шабуға тиіспіз. Әйтпесе, бүкіл еліміздің болашағы бұлыңғыр болады. Бұл мәселе мені қатты алаңдатады. Химиялық есірткілер нарықта кең ауқымда сатылуда. Криминалдық топтар жастарды осындай заңсыз әрекеттерге тартып жатыр.”- деді Қазақстан Республикасының Президенті…