Бүгін Қоғам ауыл округі, Мыңшұқыр ауылындағы көп қабатты тұрғын үйлердің бірінің шатыры өртеніп, өрт сөндіру мамандарының көмегімен өрт дер кезінде ауыздықталды.
Аталған жайтқа байланысты аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы мен аудандық мәслихат төрағасы Уәлихан Ұзақов оқиға орнына барып тұрғындармен кездесті. Өрт салдарынан келтірілген шығындар заңға сәйкес қалпына келтірілетінін жеткізген аудан әкімі: «Өрт-айтып келмейтін тілсіз жау. Бүгінгі орын алған өртке байланысты жергілікті әкімдік тарапынан жедел шаралар қолға алынып, тиісті жұмыстар жүргізілетін болады»,- дей келе жауапты сала басшыларына келтірілген залалды қайта қалпына келтіру туралы нақты тапсырмалар жүктеді, деп хабарлайды Отырар ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.