• Вт. Ноя 26th, 2024
Популярные метки

Жұмыспен қамту шаралары кешенді жұмыс жасауда!

Автор:admin

Окт 7, 2022
Spread the love

Диплом алған мамандардың бәріне бірдей университетті аяқтағаннан кейін бірден жұмысқа орналасудың сәті түсе бермейді. Жұмыс берушілер ең алдымен жұмыс тәжірибесі бар қызметкерді жұмысқа жалдауға мүдделі. Бұл жағдайда, күні кеше университет бітірген түлектерге «Дипломмен – ауылға», «Жастар тәжірибесі» және «Жастардың кадрлық резерві» бағдарламаларын жүзеге асыра отырып, мемлекет көмекке келеді.

ЖОО-лар түлектері үшін «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы
Оқу орнын аяқтағаннан кейін жұмыс тәжірибесін алу үшін мемлекет түлектерге алты айлық жастар тәжірибесін ұсынады.
Бұл үшін диплом алған түлек (29 жасқа дейін) өз қаласының (ауданының) әкімдігі жанындағы жұмыспен қамту орталығына өтініш білдіреді. Содан кейін жұмыспен қамту орталығы түлек туралы деректі мамандар деректерінің бірыңғай қорына енгізеді және жұмыс беруші компаниялар арасында диплом бағыттары бойынша бөледі.
Жұмыспен қамту орталығы түлектермен алты айға еңбек шартын жасайды. Жұмыс күні ҚР Заңнамасы бойынша еңбек шартына сәйкес анықталады.
Жастар тәжірибесіне (практикасына) бағытталған бағдарламаға қатысушылардың айлық еңбекақысы – 18 айлық есептік көрсеткіші (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысының өтемақыларын және банктік қызмет көрсетулерді шегерусіз) құрайды.
Егер жұмыс беруші тәжірибе (практика) уақытында сізді өзінің компаниясына жұмыс жасауға қабілетті және сай келеді деп есептейтін болса – ол сізді тұрақты жұмыс жасауға қабылдауға құқы бар. Жас маман үшін бұл нұсқа жұмыс тәжірибесінсіз неғұрлым қолайлы болып саналады, бұл орайда сіз, тәжірибеден өту кезінде өзіңіздің және өзіңіздің кәсіби дағдыларыңызды көрсету мүмкіндіктерін назардан шығарып алмаңыз.
Бағдарлама түлектердің алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алуға арналған.
Түлектің бағдарламаға қатысуы үшін мыналар қажет:
1. Өз қаласының немесе ауданының әкімдігі жанындағы Жұмыспен қамту орталығына өтініш білдіру.
2. Жұмыссыз ретінде тіркелу (жас мөлшері 29-дан аспауы тиіс).
3. Төмендегідей құжаттар тапсыру:
• жеке бас куәлігі;
• диплом;
• үй кітабы немесе мекенжай анықтамасы;
• зейнетақы қорымен жасалған шарт;
• Халық банкінен ағымдағы есепшот;
• 086-У үлгідегі денсаулық жағдайы туралы анықтама.
Бұдан өзге «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберлерінде кәсіби білім беру оқу орны базасы құрылады және бірыңғай ақпараттық «Жастардың еңбек биржасы» порталы, «Жұмыс» ақпараттық порталы ашылады.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика