• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ORDABASY: КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ІСІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Автор:admin

Авг 27, 2024
Spread the love

Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі кезекті комиссия отырысы өтті.
Мәжілістің күн тәртібінде 4 мәселе қаралды.
1)Аудан бойынша жасөспірімдермен жасалған қылмыстар, жасөспірімдерге қатысты жасалған қылмыстар, кәмелетке толмаған балалардың өзіне-өзі қол жұмсау, жасөспірімдер арасында ерте жүктілік фактілерінің өсуіне байланысты талдау жасау және алдын алу жұмыстарының тиімділігі;
2)Кәмелетке толмағандардың арасында қылмыс пен құқықбұзушылық және өзіне-өзі қол жұмсау, жасөспірімдерге қатысты зорлық-зомбылық, ерте жүктілік фактілерінің алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы;
3)Жасөспірімдер арасында өзіне-өзі қол жұмсау, ерте жүктілік фактілері бойынша медициналық көмек көрсету бойынша;
4)Аудан аумағында жазғы шомылу маусымы кезінде өзендермен көлдерде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және алдын алу шараларын ұйымдастыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы мәселелер қаралды.
​Аталған жиында жасөспірімдер арасында жасалған қылмыстардың алдын алу мақсатында жаңа әдістер мен жобалар қабылдауды, сол бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізу керектігі айтылып, тапсырмалар берілді, деп хабарлайды Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика