• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАҒАН ЖОЛДАУ

Автор:admin

Сен 2, 2024
Spread the love
Бүгін аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты дәстүрлі Жолдауын тікелей эфирден тыңдадық.
Мемлекет басшысының биылғы «Жаңа экономикалық саясат», «Нақты секторды дамыту», «Ел болашағына арналған сиратегиялық инвестиция», «Мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғырту» және «Заң және тәртіп» айдарларымен айқындалған Жолдауы бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерін қамтып, ел ертеңінің даму бағыттарын айқындады. Әрбір министрлік пен құрылымдарға, парламент пен сенатқа, жергілікті әкімдіктерге алдағы атқарар жұмыстарының жоспарын жіктеп, тиісті тапсырмаларын берді.
Мемлекет басшысының сарабдал саясатының нәтижесінде елімізді бүгінде барша әлем жұртшылығы танып, өзінің бейбіт өмір сүру, жасампаз ел болу және бірлігі мен ынтымағы жарасқан қоғам ретінде мойындады. Бұл бүгінгі еліміздің қол жеткізген өмір шындығы.
Бұл Жолдау да өзінің жасампаздығымен, көптеген соны да тың ой-пікірлерімен, елдің әлемдегі озат елдермен терезесі тең болуға ұмтылған ерен ұмтылыстарымен, нақты әлеуметтік, экономикалық және мәдени, рухани бағыттарымен айшықталуда және оның барлығы дерлік бос ой-қиялдың жемісі емес, есептеліп, еленіп, ғылыми-қаржылық сараптамалардан өткендігі айрықша қуантады.
Біз де өз тарапымыздан Жолдауда белгіленген межелер мен жоспарларды жүзеге асыруға бар күш-жігеріміміз бен білімімізді жұмсап, өзімізге жүктелген міндеттерді адал атқаратын боламыз.
Серік Үсенұлы Мамытов
Жетісай ауданының әкімі

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика