• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ТАЛАСХАН БИТУРЕЕВ: «МАҚСАТ – ЖЕТКЕН ЖЕТІСТІКТЕРДІ ЕСЕЛЕП, ЕЛДІҢ СЕНІМІН АҚТАУ»

Автор:admin

Сен 3, 2024
Spread the love
Жетісай ауданы әкімінің қаулысымен осыдан 3 жыл бұрын өз жұмысын бастаған аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты «Жетісай спорт клубы» мекемесі бүгінде көпшіліктің көңілінен шығып үлгерді. Ашылғалы бері жастар мен ерексектер арасында спорттың бірнеше түрінен лигалар ұйымдастырып, қала, кент, ауылдық округтерден спорттық үйірмелерді ашты. Ауыл балаларын спортқа бейімдеу мақсатында жергілікті жерлерден спорт нұсқаушыларын жұмыспен қамтыды.
Ондағы мақсат – Мемлекет басшысының биылғы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында айтылған жастар мен жасөспірімдер арасында орын алуы ықтимал қылмыс пен құқықбұзушылықтардың алдын алу, бос уақыттарын тиімді пайдалануларына жағдай жасау, дағдыландыру арқылы салауатты өмір салтын насихаттау, жастар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту, бұқаралық спортты дамыта отырып дені сау ұрпақ тәрбиелеу, болашақ ел чемпиондарын дайындау болып табылады.
Қысқа уақыт аралығында жеткен жетістіктерін еселеп, түрлі деңгейдегі жарыстарда топ жарып жүрген клуб спортшылары 2023 – 2024 оқу жылын да табысты тәмамдаған. Жаңа оқу жылына жүйелі жоспар жасап, белгіленген межелерге қол жеткізу мақсатында қарқынды жұмыстар жүргізуде.
Бүгінде 29 жаттықтырушысы мен 13 нұсқаушысы бар клубта бокс, баскетбол, волейбол, еркін күрес, үстел теннисі, футбол, шахмат және таэквондо сынды спорт түрлерінен ашылған 65 топта 902 жасөспірім тұрақты тұрде шұғылданып келеді.
Өткен жылдың желтоқсан айында Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлының қатысуымен ашылған «Бекзат Саттарханов» атындағы спорт кешенінде соңғы 1 жылда 37 түрлі деңгейдегі жарыстар ұйымдастырылып, 4300-ге жуық адам қамтылған.
Клуб қызметкерлері жас ұрпақтың жүрегіне Отансүйгіштік сезімін қалыптастыру, өскелең ұрпақты спортты сүюге, оны серік етуге баулу арқылы салауатты өмір салтын насихаттап қана қоймай, олардың бойында еңбекқорлық, төзімділік, әділдік сияқты жоғары қасиеттерді де қалыптастыруға күш салып келеді.
Сонымен қатар, +50 жастан асқан спорт ардагерлер арасында кіші футбол мен волейболдан лигалар ұйымдастырып, шахматтан ашық біріншіліктер өткізуде.
2023-2024 оқу жылының жарты жылдығының өзінде клуб мүшелері түрлі Халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық жарыстарда жекелей және командалық есепте 205 алтын, 105 күміс пен 294 қола медальдарды иеленген. Сонымен қатар, өткен жылы облыс аумағындағы спорт клубтар арасында спорттың 14 түрінен өткен спартакиадада да 218 ұпаймен І орынды қанжығаларына байлаған.
«Мемлекет тарапынан жасалып жатқан қамқорлықтардың нәтижесінде бүгінде аудандағы қала, кент, барлық ауылдық округтерде спорттық үйірмелер ашып, тиісті жұмыстар жүргізіп келеміз. Жылдан-жылға түрлі деңгейдегі жарыстарда жеткен жетістіктеріміз де еселеніп келеді. Біз осы жетістіктерімізбен тоқтап қалмай жұмысты жандандыра түсетін боламыз.
Мемлекет басшысының өзі биылғы Жолдауында спорт саласына, әсіресе, бұқаралық спортты дамытуға тоқталуының өзі бізге ерекше күш, тың серпін береді» дейді «Жетісай спорт клубы» КММ директоры Таласхан Битуреев.
Айта кетейік, аталмыш клубтың жаттықтырушылар құрамында 4 ҚР спорт шебері, 5 біліктілігі жоғары деңгейдегі І санатты, «Астана Арланс» командасы сапында жұдырықтасып әлем чемпионы атанған Б.Әлімбеков болса, біліктілігі жоғары деңгейдегі ІІ санатты 1 азамат пен қазақ күресінен Халықаралық дәрежедегі төреші, ҚР спорт қайраткері Бақыт Жаңбырбаев әдіскерлік қызмет атқарады.
Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика