Түркістан облысы аумағында 2024 жылдың шілде айының 22-26 күндері аралығында «БОРЫШКЕР» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараға сәйкес жергілікті сот орындаушылары мен Бәйдібек аудандық полиция бөлімі қызметкерлері бірлесіп, рейдтік шара ұйымдастыруда. Сот орындаушылар автокөлік жүргізушілерді арнайы қаулымен таныстырып, қарызын ерікті немесе мәжбүрлі түрде өндіру мәселесін түсіндіруде. Берешегін өтмеген және өтеуден жалтарып жүрген тұлғалардың автокөлігі айыптұраққа жабылады.
Осы ретте аудан тұрғындарына, өздеріне салынған айыппұлды уақтылы, яғни Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес 7 тәулік ішінде 50 % жеңілдікпен төлеуге мүмкіндігі бар екенін, төлемеген жағдайда айыппұл 100%-ға (2 есеге) көбейтілетінін ескертеміз.
Сонымен қатар айыппұл салынған күннен бастап 40 күн ішінде ерікті түрде төлемеген жағдайда, мәжбүрлі түрде өндіру үшін Сот орындаушыларға жолданатынын, ары қарай борышкерлерге заңды түрде шектеулер қойылатындығын хабарлайды.
Егер де, Сіздің тарапыңыздан айыппұлдар бойынша қосымша сұрақтарыңыз болса, Бәйдібек АПБ ӘПБ-нен толық біле аласыздар.