Бәйдібек ауданында «Жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы аясында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ» Шаян, Ақбастау және Боралдай ауылдық округтерінің тұрғындарына құқықтық көмек көрсетеді.
Мобильді топтың мақсаты – аудан аумағында заңгерлік тегін құқықтық көмек көрсету, азаматтарда туындаған құқықтық мәселелерді шешуге жәрдемдесу.
Мобильді топтың құрамына антикор офицерлері, әділет департаментінің өкілдері, заңгерлер, адвокаттар, сот орындаушылар, сондай-ақ жоба волонтерлері қосылды.
Өткізу күні: 2024 жылғы 02-тамыз
Өтетін орны және уақыты:
Шаян ауылдық округі әкімінің аппараты — сағат 09:00
Ақбастау ауылдық округі әкімінің аппараты — сағат 10:30
Боралдай ауылдық округі әкімінің аппараты — сағат 12:00