• Вт. Ноя 26th, 2024
Популярные метки

Халықты  жұмыспен  қамту  орталығы  2021-2025  жылдарға  арналған  кәсіпкерлікті  дамыту  жөніндегі  Ұлттық  жоба  бағдарламасы  аясында  жұмыстар  атқаруда.

Автор:admin

Окт 7, 2022
Spread the love

Қазақстанда халықты жұмыспен қамту шаралары әрқашан бірінші орында. Өз нандарын тауып, отбасын асырап елдің экономикалық өсуіне үдеріс әкеледі. 2022 жылы аталған бағдарламаға жалпы 397688,0 млн. теңге бөлінсе, оның ішінде, республикалық бюджеттен – 85810,0 млн.теңге, облыстық бюджеттен – 23893,0 млн.теңге, аудандық жергілікті бюджеттен – 287985,0 млн.теңге бөлініп отыр. Биылғы жылы облыстық басқарма тарапынан жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуға берілген жоспар – 4020 адам (ТиПо – 99, қысқа мерзімді оқыту – 170, электрондық еңбек биржасы бойынша оқыту –76, бастау бизнеске – 400, грант – 253, бос жұмыс орындарына – 2113, әлеуметтік жұмыс орындарына – 95, жастар тәжірибесіне – 160, ақылы қоғамдық жұмысқа – 620, алғашқы жұмыс – 10, ұрпақтар келісім-шарты – 2, күміс жас – 22). Бүгінгі күнге – 1320 адам қайырылып, 1005 тұлға жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысып, жоспар 25,0 %-ды құрап отыр (бос жұмыс орындарына – 452, әлеуметтік жұмыс орындарына – 97, жастар тәжірибесіне – 32, ақылы қоғамдық жұмысқа – 367 адам жіберілсе, қайтарымсыз грантқа –12 адам ие болды).
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12-қазандағы № 728-ші Қаулысымен бекітілген «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасына» сәйкес, жастар және зейнеталды жастағы адамдар үшін әлеуметтік жұмыс орындары «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» және «Күміс жас» жобалары қолданысқа енгізіліп отыр.
Бұл жобаларға қатысу мерзімі:
– «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша –18 айдан;
– «Күміс жас» жобасы бойынша –12 айдан;
– «Ұрпақтар келісім-шарты» жобасы бойынша – 6 айдан аспайды.
«Алғашқы жұмыс орны» жобасына жұмыс тәжірибесі жоқ жасқа толмаған жастар, оның ішінде, NEET санатындағы жастар қатыса алады. Аталған жобаға 2021 жылы жергілікті бюджеттен 5 адамға – 2,344 млн. теңге қарастырылып бөлінген. Жоспарланған 5 адам аудандағы мекемелерге («Нұрай» білім беру орталығына – 2 тәрбиеші, 1 бағдарламашы, «Айсұлу» ЖШС -іне 1 бухгалтер, 1 іс жүргізуші) тұрақты жұмысқа орналастырылды. Биылғы жылы 10 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланып отыр. Оған жергілікті бюджеттен – 5,0 млн. теңге бөлініп, маусым айының соңына қарай өтінім берген «Нұрай», «Балбала» балабақшалары мен ЖК «Қалысбаевқа» жіберілетін болады.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика