Облыс прокуратурасының тапсырмасына сәйкес, Кентау қаласы прокуратурасының ұйымдастыруымен “инвесторларды сүйемелдеу” мақсатында мекемеаралық мәжіліс өткізілді.
Жиынға қала прокуроры Н.Ибраймолдаев, қала әкімі Ж.Тасов және инвесторлар мен уәкілетті мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.
Мәжілісте аумақтағы инвесторларды қолдау, кедергілерді болдырмау бағытында мемлекеттік органдарға хаттамалық шешіммен тапсырмалар берілді.
Сонымен қатар жиын қорытындысымен қалалық прокуратура және әкімдік өкілдері индустриалды аймақтағы кәсіпкерлік нысандарды аралап танысты.
Мағыналас кездесулер алдағы уақытта жалғасын табатын болады.
Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі