2022 жылдың 1 сәуіріне жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеуші ретінде хабарласқандар саны 596 адам. Тұрақты және уақытша жұмысқа орналасқандар саны 357 адам. Жыл басынан қоғамдық жұмыстарға 163 адам тартылды. 2022 жылдың 3 айында 558 жаңа жұмыс орындары ашылды. Тұрақты орындар 330, оның ішінде ауыл, орман және балық шаруашылығы 34 орын, өнеркәсіп саласында 44 орын, құрылыс саласы бойынша 17 орын, көтерме және бөлшек сауда, авто ж/е мотоцикл жөндеу саласы бойынша 149, білім саласы 15, экономикалық қызметтің басқа түрлері 71, уақытша және маусымдық жұмыстар 228 орын. Мүгедектік топқа жататын жыл басынан хабарласқандар адамдар саны 15 адам, олардан тұрақты жұмысқа орналасқандар саны 6 адам. Қоғамдық жұмысқа жіберілгені 3 адам, есепті кезеңнің аяғына жұмыссыздар саны 9 адам. Жыл басынан бөлімде 3-рет бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді. 23 мекемеден 87 бос жұмыс орындары ұсынылды. Өткізілген жәрмеңкеге барлығы 343 адам қатысты. Оның ішінде 41 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Қоғамдық жұмыстарға 25, әлеуметтік жұмыс орындарына 6, жастар практикасына 13 жас маман жолданды. Сонымен қатар 207 адамға ҚР «Еңбек кодексіне», ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес және Ұлттық бағдарлама бағыттары бойынша консультациялар берілді. Жазасын өтеп келгендерге жататын жыл басынан жұмыс іздеуші ретінде ҚАИ есебіндегі 6 адам тіркеліп, тұрақты жұмыстарға орналасты. 2022 жылдың наурыз айына айына тіркелген жұмыссыздық деңгейі 2,5 пайызды құрады. Жалпы жұмыссыздық деңгейі аудан бойынша 5,0 пайыз. Тұрақты және уақытша жұмысқа орналасқандар саны 2692 адам. Жыл басынан қоғамдық жұмыстарға 942 адам тартылды. 2021 жылы 2901 жаңа жұмыс орындары ашылды. Тұрақты орындар 1638, оның ішінде ауыл, орман және балық шаруашылығы 357 орын, өнеркәсіп саласында 138 орын, құрылыс саласы бойынша 62 орын, көтерме және бөлшек сауда, авто ж/е мотоцикл жөндеу саласы бойынша 818, білім саласы 2, экономикалық қызметтің басқа түрлері 261, уақытша және маусымдық орындар 1263 орын. Мүгедектік топқа жататын жыл басынан хабарласқандар адамдар саны 89 адам, олардан жұмысқа орналасқандар саны 62 адам, оның ішінде қайтарымсыз грант алған 10 адам, шағын несие алған 3 адам. Қоғамдық жұмысқа жіберілгендер саны 29 адам, жастар тәжірибесімен қамтылғандар саны 6 адам, әлеуметтік жұмыс орнына жолданғаны 1 адам, есепті кезеңнің аяғына жұмыссыздар саны 27 адам. Жыл басынан бөлімде 12-рет бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді. 92 мекемеден 317 бос жұмыс орындары ұсынылды. Өткізілген жәрмеңкеге барлығы 936 адам қатысты. Оның ішінде 134 адам тұрақты жұмысқа орналасты. 247 адам қоғамдық жұмысқа жолданды. Жастар тәжірибесіне 52 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 35 адам. Сонымен қатар 415 адамға «Еңбек нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021ж.ж.» бағдарламасының бағыттары жөнінде кеңестер берілді. Жазасын өтеп келгендерге жататын жыл басынан жұмыс іздеуші ретінде ҚАИ есебіндегі 29 адам тіркелді, олардан жұмысқа орналасқаны 23 адам, жазасын өтеп келгендерден қоғамдық жұмысқа 6 адам, кәсіби оқуға 1 адам және 6 адам өз кәсібін ашу үшін қайтарымсыз грант алды. Есепті кезеңнің аяғына жұмыссыздар саны 2 адам.
R-ақпарат