• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТТЕР: ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАЛАРЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚАЛАЙ ОРЫНДАЛАДЫ? (-2-)

Автор:admin

Сен 3, 2024
Spread the love

– Ақша-несие саясаты мен фискалды саясаттың арасындағы үйлесімсіздікті жою бойынша Жолдаудың бірінші бағытында қазір нақты секторға несие әлі де ойдағыдай берілмей жатқанын атап өтті. Шағын және орта бизнесті жеткілікті қаржыландыру мәселесі де шешілмегенін ескертті. Үкімет пен Ұлттық Банкке, оңтайлы шешімдер қабылдауды тапсырды. Осы бағыттағы жұмыстарды жандандыруымыз керек. Сонымен қатар экономикамыздың көлемін арттыруды және өңіріміздің жалпы ішкі өнімін өсіруді тапсырды. Бюджетті тиімді игеру және бөлу тәртібі, салық саясатының тиімділігін арттыру — біздің басты міндетіміз. Мемлекет басшысы жеке табыс салығының мөлшерлемесін азаматтардың кірісіне қарай дифференциациялау жасауды тапсырды. Осы бағытта салық саласын жітілдіруіміз қажет. Бұл бағытта аудан, қала әкімдері, Мемлекеттік кірістер департаментімен бірлесіп, нәтижелі жұмыс жүргізуді тапсырамын. Салық жүйесін толық цифрландыру қажет. Жолдаудың екінші бағытында Президентіміз инвестициялық ахуалды және бизнес жүргізуге қажетті жағдай жасауды, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы іске асырылатын жобаларды сапалы әзірлеуді тапсырды. Жергілікті әкімдердің инвестор тарту бойынша атқарылып жатқан жұмыстарының төмендігін атап өтті. Аймаққа жеке инвестиция тарту – әкімдердің ең басты міндеті. Әр аудан, қала әкімдері мен облыстық басқарма басшыларына инвестиция тарту бойынша бекітілген іс-шара жоспарының орындалуын қамтамасыз етуді тапсырамын. Инвестиция тартпаған аудан, қала әкімдері, басқарма басшылары бойынша кадрлық шешім қабылданатынын ескертемін, — деді Дархан Сатыбалды…

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика