• Вт. Ноя 26th, 2024
Популярные метки

КЕНТАУДА АТА-АНАЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ

Автор:admin

Май 23, 2024
Spread the love
Кентау қаласы Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында қала әкімдігі мен қалалық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен «Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу –аса жауапты әрі күрделі міндет» тақырыбындағы ата-аналар форумы өтілді.
Алқалы жиынға Кентау қаласы әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова, қалалық мәслихат төрағасының міндетін атқарушы Бауыржан Жабанов, қала прокуратурасының прокуроры- Бақберген Абилкасымов, ПБ бірінші орынбасары полиция подполковнигі Данияр Түймебаев, ювенальді полиция бөлімінің басшысы, майор — Жамболат Ахметов, білім бөлімінің басшысы- Әділ Ауелбеков , қалалық емхана басшысының ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары – Алия Андабасова, қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы – Серік Төлегенов, Жастар ресурстық орталығының басшысы Сұлтан Азат, ата-аналар, мектеп басшылары,тәрбие орынбасарлары, педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтар, сынып жетекшілер қатысты.
Жиынның мақсаты — қоғамда ата-ананың, ұстаздар мен оқушылардың мәдениетін қалыптастыру, олардың белсенділігін арттыру, ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлін күшейту, отбасы құндылықтарын насихаттау, бала құқығы мен отбасы әлеуетін, білімі, денсаулығы, қауіпсіздігі, т.б. өзекті мәселелерді талқылап, бастамаларды қолдау және жүзеге асыру; балалар мен жасөспірімдер арасындағы келеңсіздіктердің алдын алу; ата-аналарға түрлі жағдайлардың туындау себебін және ата-аналардың жауапкершілігін түсіндіру; ата-аналарға профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізу.
Жалпы биыл Кентау қаласында 2023-2024 оқу жылында 11 сыныпты 23 жалпы білім беретін мектептен 741, жекеменшік мектептерден 194, жалпы алғанда 935 түлектер 11 сыныпты бітіреді. Оқу жылының аяқталуына орай, жалпы мектептерде оқушылардың қатысуымен өтетін мерекелік іс-шаралардың алгоритмі, жол қауіпсіздігі, құқықбұзушылықтың алдын алу және болдырмау мақсатта күндізгі,түнгі рейдтердің жүргізілуі, жазғы маусымдағы қауіпсіздіктер, бос уақытын тиімді ұйымдастыру жолдары туралы мамандар тарапынан баяндамалар оқылды.
Форум барысында ата-аналар тарапынан мамандарға сауалдар ұсыныс-пікірлер жолданып, қажетті жауаптары берілді. Сондай-ақ жыл бойы білім ордасымен тығыз байланыста болып, ұстаздармен бірлесіп бала тәрбиесінде белсенділік танытқан ата-аналар марапатталып, барша ата-аналарға бала тәрбиесінде белсенді болу ұсынылды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика