Кентау қаласы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Кентау қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің 2024 жылғы ІІ-тоқсандық отырысы өтті.
Отырысты Кеңес төрағасы Құрманбеков Жолдыбай Қожахметұлы ашып жүргізіп отырды.
Күн тәртібінде: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2024 жылдың 25 сәуір күні ҚХА ХХXIII-сессиясында «Қазақ тілі уақыт өте келе этносаралық қатынас тіліне айналатынына сенімдімін» деген болатын. Осыған орай, Кентау қалалық «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ-і тарапынан 2024 жылы атқарылып жатқан жұмыстары туралы Асханова Жайсанкүл Инятханқызы баяндама жасады.
Қала әкімінің орынбасары Ақнұр Нұрәліқызы нашақорлық, құмарпаздық (лудомания), тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм және ысырапшылдық сияқты әлеуметтік кеселдермен күресу ісінде аға буын жас ұрпаққа жол нұсқап, бағыт-бағдар беруде маңызды рөл атқаратындығын, мемлекеттік тілді жан-жақты дамытуға баса назар аударылып жатқандығын жоққа шығармаймыз деді.
Қазіргі таңдағы тіл саясатының басым бағыттарының бірі – мемлекеттік тілді дамыту мен оның қолданылу аясын кеңейту болса, оның кешенді тармағы – тәуелсіз мемлекетіміздің болашағына адал қызмет ететін мемлекеттік тілді жетік меңгерген кәсіби мамандар даярлау болып табылады. Мамандандырылған жоғары оқу орындарында мемлекеттік тілді оқыту — тыңдаушылардың тілді болашақ кәсіптік қызмет бабында және жеке қарым-қатынасында қолдана алатындай іскерліктер мен дағдыларды игерту мақсатын көздейді. Осы орайда мемлекеттік тілдің қолданылу аясының кеңейіп, іс қағаздары, бұйрықтар, баянат, өзге де құжаттардың мемлекеттік тілде жүргізілуіне байланысты атқарылып жатқан кешенді іс-шаралардың оң нәтижелерін бүгінде іс жүзінде көруге болады.
Тіл үйренушілердің кәсіби сөйлеу тілін мәтіндер арқылы дамытуды жүзеге асыру нәтижесінде олардың мамандық бойынша білімдері толықтырылып, мәтінмен жұмыс істеу дағдылары жетілдіріледі. Мәтіндермен жұмыс барысында тыңдаушылар болашақ мамандықтары туралы қосымша мәліметтер мен атқарылатын іс-әрекеттеріне байланысты ақпаратпен қамтамасыз етіледі.
Тіл – халықтың рухани байлығы, өткені мен болашағының айқын көрінісі. Әркімнің тілге деген құрметін – өз анасына, өз ұлтына, өз Отанынан деген құрметінен білуге болады. Ана тілі – анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарып, жүректің терең сырларын, халықтың басынан кешкен дәуірлерін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын қазына.
Мемлекеттік тілдің қолдану аясын одан әрі кеңейту мақсатында сот саласы қыметкерлерінің ішкі құжат айналымы толық қазақ тілінде жүргізіледі деп айтуға болады. Сот өндірісіндегі кіріс, шығыс және ішкі құжаттар қазақ тілінде жүргізіледі. Мемлекеттік тілді меңгеру әрбір азаматтың борышы.
Мемлекеттік тіл – біздің рухани негізіміз. Туған тілін мақтан ету, оны таза сақтау, оның өрлеп, өсе түсуіне еңбек сіңіру- кез келген ұлт өкілінің қасиетті парызы.
Ана-тілі-қасиетті ұғым.Тілді құрметтеудің әліппесі отбасынан бастау алуы қажет.Сонда өресі биік, өрісі кең болмақ. Жастардың тілі үйренуге талпынысы көңіл қуантады.Өзге тілде сөлей білу танымыңды кеңейтеді.
Ана тілі –атамұра.Оған дау жоқ.Бірақ сол қазақтың ішінде өз ұлтының тілін ана тілім санамайтын да адамдар бар.АНа тілім-қазақ тілі деп айтқанымен , сол тілде бір ауыз білмейтін, айта алмайтын, қазақтар жетерлік.
Біз үшін ана тілі деген қасиетті ұғым.Ана тілі дегеніміз, күллі тіл атаулыдан ішкі құрылыс ерекшілігімен дараланатын, белгілі бір халықпен нақты кеңістікте тарихта бірге жасап, оның төл мәденеиетін ұрпақтан ұрпаққа үздіксіз ұластырушы, сол халық адамдарына түгелдей және жан-жақты қызмет ететін ұлтішілік қатынас құралы.Осы тұрғыдан алсақ, басқа ғана ұлттар өз тілдерін «родной язык, «сүт тілі», «этнос тілі» десе, біз ғана өз ұлтымыздың тілін «ана тілі» деп атаймыз.
Тілді жетік білмей, мәдениетті меңгеру мүмкін емес.Жаһандану заманында жаңаартылған бағдарлама талабына орай көп тілді меңгеру-уақыт талабы.Төл тіліңмен қатар өзге тілге де таяздық танытпау маңызды.
Қазір өңірімізде тілдерді оқыту орталығы жұмыс істейді.Қоғамдық даму басқармасы жанын құрылған облыстық тілдерді оқыту орталығы мекемесінде қазақ, орыс және ағылшын тілдерін оқыту курстары ұйымдастырылуда.Курс ересектерге, яғни мемлекеттік қызметшілерге, ерікті қала тұрғындары мен кәсіпкерлерге, жастар, жүргізеді.
Жиын соңында кеңес төрағасы Жолдыбай Қожахметұлы сөз алып, Садуов Талғат Нұралыұлының кандидатурасын ақсақалдар кеңесінің төрағалығына ұсынды. Нәтижесінде кеңес мүшелерінің бірауыздан қолдауымен Талғат Нұралыұлы төрағалыққа сайланды. Қазыналы қарияларымыз бата тілектерін тілеп тарқасты.