• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ТІГІНШІ ЖАҢАБЕК АШИРБАЕВ НАҒЫЗ ЕҢБЕК АДАМЫ

Автор:admin

Май 14, 2024
Spread the love

«Әр адам өз саласының жетістігіне жету үшін, алдымен сол мамандығын жақсы көру қажет». Бұл Кентау қаласындағы аяқ-киім тігіншісі Жаңабек Бекжігітұлы. Қала тұрғындарына риясыз қызмет етіп келе жатқанына 30 жылдан асқан, деп хабарлайды Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.
Екінің бірінің қолынан келе бермейтін бұл кәсіпті тігінші ағамыз бар ынтасымен жасайды. Еңбекте тиянақтылықты, шеберлікті, шыдамдылықты талап ететін бұл жұмысына қатты берілген. Өзі айналысып қана қоймай, аяқ-киім тігіншіліктің қыр-сырын жетік меңгеріп, 10-ға жуық шәкіртке етік тігуді үйреткен. Қазірде шәкірттері әр қала, ауылда осы кәсіп түрімен жұмыс жасайды.
«Әрине, жұмыстың оңайы жоқ. Осы істі әкемнен үйрендім. Әкем өте сабырлы, тиянақты кісі болатын. Мендегі осы іске құштарлық мүмкін, сол кісіден дарыған болар. Келген тапсырысты уақытында орындап,тұтынушыларымның сенімін барынша ақтауға тырысамын. Ата-бабаларымыз «Ерінбеген етікші болады» деген сөзді бекер айтпаса керек», — дейді Жаңабек Аширбаев
Бүгінде Жаңабек ағаның 2 баласы 5 немересі бар. Адал еңбек, маңдай термен жасаған жұмысының арқасында балаларына сапалы білім оқытып, жоғарғы оқу орындарын бітіруге мүмкіндік жасаған. Игі ісімен көпке үлгі Жаңабек Бекжігітұлын жерлестері айқын танып, құрметпен еңбегін бағалайды.
Айта кететін, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында отандық экономиканың креативті секторын дамытуға айрықша назар аудару туралы тапсырма берген болатын.
Қазақстан Республикасының Үкіметі «Креативті индустрияларды дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасын» әзірлеп, бекітті. Осы тұжырымдаманы жүзеге асыру мақсатында, ең алдымен, «креативті индустриялар» ұғымы еліміздің қолданыстағы заңнамасына енгізіліп, бұл саланы реттеу мен оған мемлекеттік қолдау көрсетудің құқықтық негіздері жасалды.
Стратегиялық бастамалар агенттігінің мәліметі бойынша, креативті экономика әлемдік жалпы ішкі өнімнің 6% — дан сәл астамын құрайды, бұл бүкіл әлем бойынша Ұлттық ЖІӨ-нің орташа есеппен 2-7% құрайды.
Аумақтарда креативті экономиканы дамытудың маңызды себептері: аймақтың инвестициялық және туристік әлеуеті артады, халықтың өмір сүру сапасы жақсарады, жаңа жұмыс орындары құрылады, аумақтар абаттандырылады, экономиканың басқа секторлары дамиды (қоғамдық тамақтану, сауда, логистика).
Бүгінде креативті экономика өн­діріс­тік экономиканың ауқымындай табыс табу­ға мүмкіндік беруде.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика