• Вт. Ноя 26th, 2024
Популярные метки

Қазақстан адам саудасы бойынша кешенді жұмыстар әзірлеген ел!

Автор:admin

Окт 6, 2022
Spread the love

ҚР Қылмыстық кодексіне енгізілген бірқатар түзету 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді. Кейбір түзету Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылдың қыркүйегінде Қазақстан халқына жолдауында айтқан «Жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тарату, адам саудасы, әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық және басқа да ауыр қылмыстарға, әсіресе, балаларға қатысты қылмыстарға қолданылатын жазаны шұғыл түрде қатайту қажет» деген тапсырмасы аясында енгізілді. ҚР Қылмыстық кодексінің 128 және 135 баптары бойынша жаза қатаңдатылды. Бұдан бөлек, адам саудасын жою үшін тағы қандай өзгерістер енгізуді ұсынар едіңіз? Иә, 2019 жылғы баяндамадан кейін Қазақстан бұл бағытта біршама алға ілгеріледі. Адам саудасын жою үшін елде дұрыс заңнаманың болуы аса маңызды, заңдық құралсыз оны тоқтату мүмкін емес. 2020 жылдың 1 қаңтарында күшіне енген өзгерістер сөзсіз маңызды қадам болды. Бұдан былай қылмыскерлер зардап шегушімен «татуласып», соттан қаша алмайды (ҚР ҚК 68 бап). Адам саудасы (ҚР ҚК 128, 135 баптар) зорлау, жыныстық зорлық-зомбылық (ҚР ҚК 120, 121 баптар) үшін жаза күшейтілді. Қазақстанның адам саудасымен күресіне бұдан басқа да өзгерістер зор көмек болар еді. Жоғарыда айтқанымдай, баяндама ұсынатын кеңестердің барлығы құлдыққа тап болған шетелдіктерді анықтап, оларға көмектесуге, еңбекті қанау мен адам саудасын тоқтатуға арналған. Үш басты кеңесті атап айтар едім. Біріншіден, Арнайы әлеуметтік көмек туралы заңға өзгеріс енгізіп, адам саудасынан зардап шеккен шетелдіктерге пана беру мүмкіндіктерін кеңейткен дұрыс. Сондай-ақ, шетелдік құрбандарға қылмыс туралы хабарлау не хабарламау туралы шешімді байсалды түрде қабылдауға мүмкіндік беру үшін «ойлану уақытын» енгізген жөн. Үшінші ұсыныс – 128 және 135 баптардағы адам саудасының анықтамасын өзгерту. Күш қолдану, алаяқтық және мәжбүрлеу сияқты түсініктер қылмыстың ауыр салдары емес, негізгі элементтері деп қарастырылуы керек.

«ПРЕЗИДЕНТ ТОҚАЕВТЫҢ БИЫЛ 1 ҚЫРКҮЙЕКТЕ ЖАСАҒАН ЖОЛДАУЫНДА АЙТЫЛҒАНДАЙ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮКІМЕТІ БІРҚАТАР РЕФОРМА ЖАСАУҒА БЕЛ БУЫП, БҰЛ МӘСЕЛЕНІ ЛАЙЫҚТЫ КӨҢІЛ БӨЛІП ОТЫР. ДЕГЕНМЕН, ҚАЗАҚСТАН АДАМ САУДАСЫНЫҢ НЫСАНЫНА ДА, ТРАНЗИТ ЖЕРІ МЕН КӨЗІНЕ ДЕ БІРДЕЙ АЙНАЛЫП ОТЫРҒАН ЕЛ. СОНДЫҚТАН АТҚАРЫЛУҒА ТИІС ЖҰМЫС ӘЛІ ДЕ КӨП» 

Адам саудасы – мемлекетішілік қана емес, мемлекетаралық, трансұлттық сипатқа ие қылмыс түрі. Сондықтан бұған тек бір мемлекет шекарасы аумағында емес, жалпы аймақ тұрғысынан қараған жөн сияқты. TIP Report баяндамасына қарасақ, Орталық Азия мемлекеттерінің заңнамалары адам саудасынан жапа шегушілерді қорғай алмайтыны айтылған. Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан елдері Екінші деңгейлі бақылау тізімінде болса, Түрікменстан үшінші деңгейден шыға алар емес. Тек Тәжікстан Екінші деңгейге көтерілді. Сіз АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы лауазымына тағайындалғанға дейін Оңтүстік және Орталық Азия мәселелері жөніндегі Бюроның Арнайы көмекшісі және Аға кеңесшісі қызметтерін атқардыңыз. Орталық Азия елдерінің Адам саудасына қарсы күресіне тән ортақ кемшіліктер қайсы?

Орталық Азияның үкіметтері адам саудасына ел ішінде болсын, халықаралық деңгейде болсын қарсы тұру үшін жауапкершілікті ең алдымен өздеріне алып, аймақтық ынтымақтастықты нығайта беру қажеттілігін түсініп, мойындап отыр. Орталық Азияда алға жылжу бар болғанымен, әлі де қажет заңдарды қабылдау немесе адам саудасымен күресуге қажет қаржы, әрі адам ресурстарын қажетінше бөлу жағынан олқылықтар бар. АҚШ үкіметінің көмегімен, аймақтық ұйымдар жекелеген адам саудасын жағдайларын бірге қарастырып, ақпарат алмасып отырады. Құрбандарды қорғау немесе қылмыстың алдын алумен айналысатын қоғамдық ұйымдар баршылық, бірақ қажет жұмыс мөлшеріне сай қаржы әлі де бөлінбеуде және болашақта көбірек көңіл бөлген дұрыс. Аймақта қауіпсіз көші-қон жайлы, жұмысқа тұру жайлы сенімді ақпарат көздері жеткіліксіз. Мысалы, мигранттардың көпшілігі өз елінен кеткенде, таныс-туыстарының, немесе диаспоралық ұйымдардың көмегіне жүгінеді. Олардың беделі әдетте ресми мекемелердікінен жоғары.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика