• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

КЕНТАУДА ЖАҢА САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Автор:admin

Июн 11, 2024
Spread the love

Кентау қаласына қарасты табиғаты ерекше, тарихи мекен Қарнақ ауылында «Urker» жазғы сауықтыру лагері өз есігін айқара ашты. Жоба құны 400 млн теңге. Мұнда 60-қа жуық адам жұмыспен қамтылады.
Шараға қатысқан қала әкімінің орынбасары Ғалымжан Төлепов тұрғындарды құттықтап, балаларға жазғы демалысты қамтамасыз ететін нысанның лентасын қиды.
«Жазғы демалыста осы лагердің іске қосылғаны біз үшін де, балалрымыз үшін де қуанышты жағдай. Енді балалапрымыз жазғы уақыттарын ата-анасынан жырақта емес, жақын маңайдағы табиғаты керемет лагерде демалатын болады. Демалып қана қоймай, денсаулықтарын нығайтуға атсалысады. Осындай игі істі қолға алған азаматтарға алғысымыз шексіз» деді қала әкімінің орынбасары.
Аталмыш жазғы сауықтыру лагерінде төрт жүз елу бала үш ай бойы тынығады. Мұнда жоспар бойынша балаларға не қызықты, сол іс-шаралар ұйымдастырылмақ. Атап айтсақ, лагерь аумағында бассейн, түрлі спорт алаңдары орнатылған. Соңғы заманауи үлгіде салынған ғимаратта балаларға барлық жағдайлар қамтылған.
Лагердің алаңы 20 га алқапты алып отыр. Алдағы уақытта қосымша тағы 300 балаға арналған ғимарат бой көтермек. Одан бөлек, демалыс аймағы, гольф алаңы, үлкен бассейн, ипподром, этно ауыл және үлкен теннис алаңы салынбақ, деп хабарлайды Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика