• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

КЕНТАУЛЫҚ АНА ТҰРМЫСТЫҚ ҚАТТЫ ҚАЛДЫҚТАРДЫ КӘСІП КӨЗІНЕ АЙНАЛДЫРДЫ

Автор:admin

Сен 6, 2024
Spread the love

Кентау қаласында мемлекеттен берілген қолдауды тиімді пайдаланып, өз кәсібін ашқан шағын кәсіпкерлердің қарасы көбейіп келеді. Тіпті олардың арасында қала үшін тиімді жобаларда бар. Ол – пластмасса бөтелкелерді пресстеу. Қала тұрғыны, іскер ана Гүлназ Жайықбаева қоқыстың өзін кәсіп көзіне айналдырған, деп хабарлайды Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.
Ол тұрмыстық қатты заттарды сұрыптап арнайы зауытқа өткізеді. Болашақта оларды ұнтақтап өңдеуді жоспарлап отыр. Бұндай іспен айналысуға мемлекеттен берілетін грант негіз болған.
Гүлназ Жайықбаева отбасымен бірге бұған дейін құр бакалашка қабылдап жүрген. Кейін бөтелке, маклатура, пластмасса жәшіктері мен салафандарды да қабылдай бастаған.
«Үнемі көшеде кез-келген тұрғын бакалашкасын тастап кетеді. Кейін ойыма кәсіп ашу ой келді. Осыдан не істеуге болады, әрі сүйікті қаламның тазалығын сақтап, экологияға үлес қосқым келді. Жолдасыммен ақылдаса отырып тәуекел етіп бастап кеттік. Тұрғындар қазір үйреніп келеді. Жинап бізге өткізуде»,дейді іскер ана.
Тау болып үйілген заттарды әзірге шикізат күйінде өндіріс орындарына өткізеді. Мемлекеттен алған қаржыға қалдықтарды жинайтын құрылғы сатып алған. Алдағы уақытта қалдықтарды ұнтақтайтын техника алуды жоспарлауда. Ол кезде жұмыс әлдеқайда тиімді болмақ. Кейін пластмассалардан түрлі зат шығару ойларында бар.
Айта кететін, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында отандық экономиканың креативті секторын дамытуға айрықша назар аудару туралы тапсырма берген болатын.
Қазақстан Республикасының Үкіметі «Креативті индустрияларды дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасын» әзірлеп, бекітті. Осы тұжырымдаманы жүзеге асыру мақсатында, ең алдымен, «креативті индустриялар» ұғымы еліміздің қолданыстағы заңнамасына енгізіліп, бұл саланы реттеу мен оған мемлекеттік қолдау көрсетудің құқықтық негіздері жасалды.
Стратегиялық бастамалар агенттігінің мәліметі бойынша, креативті экономика әлемдік жалпы ішкі өнімнің 6% — дан сәл астамын құрайды, бұл бүкіл әлем бойынша Ұлттық ЖІӨ-нің орташа есеппен 2-7% құрайды.
Аумақтарда креативті экономиканы дамытудың маңызды себептері: аймақтың инвестициялық және туристік әлеуеті артады, халықтың өмір сүру сапасы жақсарады, жаңа жұмыс орындары құрылады, аумақтар абаттандырылады, экономиканың басқа секторлары дамиды (қоғамдық тамақтану, сауда, логистика).
Бүгінде креативті экономика өн­діріс­тік экономиканың ауқымындай табыс табу­ға мүмкіндік беруде.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика